Қазақ халқы әр жануардың төліне қатысты бөлек атау беріп отырған. Оның ішінде халық арасында кеңінен танымал атаулардан бөлек, көп адам біле бермейтін сөздер де бар. SaqTimes басылымы Сейіт Кенжеахметұлының «Жеті қазына» кітабынан алынған жануарлар төлінің атауларын назарға ұсынады.
- Түйе — бота
- Жылқы — құлын
- Сиыр, қодас — бұзау
- Қой — қозы
- қойөгіз — қодық
- таутеке, ешкі — лақ
- Құдыр — лақ
- есек — қодық
- арқар — қозықа
- киік — құралай
- құндыз — құнай
- бұғы — бұғышақ
- қоян — көжек
- аю — қонжық
- доңыз — торай
- қасқыр — бөлтірік
- ит — күшік
- түлкі — жаутаң, мыршай
- мысық — соқыр, марқау
- аққу — көгілдір
- қаз, үйрек — балапан
- тауық — шіби, шөже
- бұлан — бұзау
- марал — лақ
- жолбарыс — шөнжік