spot_img

Қазақстанда колледжге түсу қағидалары жаңартылмақ

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚ БОЛУЫ МҮМКІН

Оқу-ағарту министрлігі 4 ақпанда «Ашық НҚА» порталында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс енгізу туралы бұйрықты жария етті. Бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды SaqTimes басылымы.

Бұйрықта мынадай өзгерістер енгізу тапсырылған:

3-тармақтың екінші абзацы:

  • арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларының өтініші негізінде мемлекеттік грант конкурстан тыс беріледі;

6-тармақ:

  • отырысқа комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, құжат қабылдау және емтихан комиссияларының шешімі заңды болып есептеледі және қатысушылар санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші рөл атқарады. Хатшы қабылдау немесе/және емтихан комиссияларының мүшесі саналмайды;
  • Емтихан комиссиясының қорытынды отырысында аудио немесе бейнежазба жүргізіледі әрі ол колледж мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.

9-тармақтың бірінші абзацы:

  • мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледжде білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, рухани білім беру ұйымдарына, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар орта буын мамандықтарына түсушілерді мамандықтың бейініне сәйкес оқуға қабылдау колледждің жобалық мүмкіндігін ескере отырып, тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

12-тармақ:

  • талапкер бір рет қана өтініш беру қағидаты бойынша оқуға құжаттарды өткізе отырып, бірден жатақхана беру және жекелеген санаттағы азаматтарды, сондай-ақ қорғаншылық пен патронаттағы азаматтарды тегін тамақпен қамту қызметін алуға өтініш бере алады.

Бұйрықтың толық мәтінін сілтеме арқылы өтіп оқи аласыз.

spot_img

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР