spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Досаев: Алматыда жол қозғалысына қатысты бұрын-соңды болмаған орталық құрылады

Сізге қызық болар

Gaukhar Aibulatovna
Gaukhar Aibulatovna
Заң ғылымдарының докторы. 2011 жылы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетін бітірген, 2014 жылы Ланьчжоу университетінде магистр дәрежесін алған, ал 2017 жылы Шанхай халықаралық зерттеулер университетінде PhD дәрежесін алған. Еңбек жолын 2017 жылы Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығында саяси бөлімнің хатшысы болып бастады. Жылдар бойы жеке компанияларда аудармашы болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта аударма, редакциялау, жобалар мен кәсіпкерлік бағытта жұмыс істейді. Машығы: мақалалар жазу; қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мәтіндерді аудару. Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және веб-сайттар жасау. Кез келген салада күрделі мәтіндерді аударып, кез келген тақырыпта материал жаза алады.

Алмалы ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев жолдардағы қозғалысты реттеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Ол қалада жол қозғалысына қатысты бұрын-соңды болмаған орталық құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған SaqTimes басылымы.

«Қалада жолдардағы қауіпсіздікті арттыру және трафикті басқару бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда бұл функциялар Полиция департаментіне жүктелген, бірақ ІІМ трафикті басқару бойынша фукнциялардың бір бөлігін қала әкімдігіне беруді мақұлдады. Сондықтан біз қалада бұрын-соңды болмаған Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Қазір біз осы ауқымды жобаны жүзеге асыруға дайындалып жатырмыз», — деді Ерболат Досаев.

Мегаполис әкімі биыл бағдаршам нысандарын жаңғырту жалғасатынын атап өтті. Бүгінгі таңда қолданыстағы 591 бағдаршам объектісінің 93-і еуропалық электрондық жабдықтармен толықтырылған, бұл бағдаршам объектілерін адаптивті басқару жүйесін енгізуге мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы қалған 498 бағдаршам нысанын жаңғыртуды жалғастыру жоспарланып отыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін бағыттар бойынша нақты қозғалыс қарқындылығын ескере отырып, нақты уақыт режимінде қиылыстардағы жол қозғалысын реттеу қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ көлік қозғалысының статистикасын есептеу, адаптивті режимдегі уақытты кері санау таблосының жұмысы, мамандандырылған көлікті басымдықпен өткізу қарастырылған.

spot_img

Соңғы жаңалықтар