spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Еліміздің 7 сынып оқушысы бастауыш сыныпқа арналған математикалық ойын ойлап тапты

Сізге қызық болар

Gaukhar Aibulatovna
Gaukhar Aibulatovna
Заң ғылымдарының докторы. 2011 жылы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетін бітірген, 2014 жылы Ланьчжоу университетінде магистр дәрежесін алған, ал 2017 жылы Шанхай халықаралық зерттеулер университетінде PhD дәрежесін алған. Еңбек жолын 2017 жылы Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығында саяси бөлімнің хатшысы болып бастады. Жылдар бойы жеке компанияларда аудармашы болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта аударма, редакциялау, жобалар мен кәсіпкерлік бағытта жұмыс істейді. Машығы: мақалалар жазу; қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мәтіндерді аудару. Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және веб-сайттар жасау. Кез келген салада күрделі мәтіндерді аударып, кез келген тақырыпта материал жаза алады.

М. Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Әлихан Ақұлбай «Ойлан,тап» атты ойынды әзірлеген. Ол бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілетін дамытуға көмектеседі, деп хабарлайды qyzyljarnews.kz.

Геймификация элементтеріне негізделген бұл ойын күрделі есептерді қарапайым әрі қызықты әдіспен үйренуге мүмкіндік береді. Балалар танымал мультфильм кейіпкерлерінің көмегімен математикалық амалдарды меңгереді.

«Ойын барысында балалар өз сыныбын таңдап, тапсырмалар орындайды. Егер жауап дұрыс болса, «Жарайсың!» деген мотивациялық жазу шығады. Тек дұрыс жауап бергенде ғана келесі деңгейге өтуге болады», — дейді жас өнертапқыш.

Әлихан бастапқыда бұл жобаны информатика сабағында бастаған. Кейін оны математика пәніне бейімдеп, оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы құралға айналдырды.

Ұстаздары оның шығармашылық көзқарасы мен табандылығына жоғары баға беріп отыр. Бұл ойын балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, мектеп бағдарламасын меңгеруді жеңілдетеді.

spot_img

Соңғы жаңалықтар