spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Шымкентте 2027 жылға дейін қай балабақшалар күрделі жөндеуден өтеді

Сізге қызық болар

Gaukhar Aibulatovna
Gaukhar Aibulatovna
Заң ғылымдарының докторы. 2011 жылы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетін бітірген, 2014 жылы Ланьчжоу университетінде магистр дәрежесін алған, ал 2017 жылы Шанхай халықаралық зерттеулер университетінде PhD дәрежесін алған. Еңбек жолын 2017 жылы Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығында саяси бөлімнің хатшысы болып бастады. Жылдар бойы жеке компанияларда аудармашы болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта аударма, редакциялау, жобалар мен кәсіпкерлік бағытта жұмыс істейді. Машығы: мақалалар жазу; қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мәтіндерді аудару. Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және веб-сайттар жасау. Кез келген салада күрделі мәтіндерді аударып, кез келген тақырыпта материал жаза алады.

Шымкент қаласында 2025-2027 жылдары 14 балабақшаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бүгінде 4 балабақшаның жобалық-сметалық құжаттары дайындалса, тағы 9 балабақша бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы SaqTimes басылымы Шымкент қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, биыл №97 балабақшасына сыртқы абаттандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы бөлініп, №122 балабақшасын жаңғыртуға арналған қаражатқа сұраныс жолданды. №97 «Ақмарал» балабақшасы Шымкент қаласының Күншығыс шағынауданында орналасқан. 280 орындық білім беру ұйымы 1983 жылы салынған. Соңғы рет 2015 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын.

№122 «Ақ көгершін» балабақшасы Тұрлан шағынауданында орналасқан. 385 орынға есептелген мекемеде бүгінде 320 бала тәрбиеленуде. Мекемеде соңғы рет 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.

Жоспарланған жөндеу жұмыстары балабақшалардың инфрақұрылымын жақсартуға, балалар үшін қауіпсіз, қолайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 625 балабақша жұмыс істейді. Оның 71-і мемлекеттік, 554-і жекеменшік. Бұл мекемелерде жалпы 78 628 бала тәлім алады.

spot_img

Соңғы жаңалықтар