spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Ең арзаны Атырауда: Қазақстан қалаларында адвокаттар қызметі қанша тұрады

Сізге қызық болар

Gaukhar Aibulatovna
Gaukhar Aibulatovna
Заң ғылымдарының докторы. 2011 жылы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетін бітірген, 2014 жылы Ланьчжоу университетінде магистр дәрежесін алған, ал 2017 жылы Шанхай халықаралық зерттеулер университетінде PhD дәрежесін алған. Еңбек жолын 2017 жылы Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығында саяси бөлімнің хатшысы болып бастады. Жылдар бойы жеке компанияларда аудармашы болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта аударма, редакциялау, жобалар мен кәсіпкерлік бағытта жұмыс істейді. Машығы: мақалалар жазу; қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мәтіндерді аудару. Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және веб-сайттар жасау. Кез келген салада күрделі мәтіндерді аударып, кез келген тақырыпта материал жаза алады.

Адвокаттар қызметінің құнына бірнеше фактор әсер етеді. Істің күрделілігі, жұмыстың ауқымы мен қорғаушылардың тәжірибесі және аймаққа байланысты әр түрлі болып келеді. Kazinform агенттігінің тілшісі әр өңірде адвокат қызметі қанша тұратынын анықтап білді.

Мақала жазу кезінде барлығына ортақ талап таңдалды. Алдымен қоңырау шалып, заңгерден ауызша кеңес алу, кейін оның көмегімен шағым немесе талап арыз жазу, содан соң сотта қорғау ұсынысы қаралды. Агенттік тілшісі интернет арқылы арзан баға ұсынғандарға хабарласып, Қазақстан қалаларында қорғаушы қызметі қанша тұратынын анықтап көрді:

  • Астанада — 43 000 теңге
  • Алматыда — 37 000 теңге
  • Қонаев қаласында 32 000
  • Жезқазған мен Павлодар қалаларында 28 мың теңге
  • Қостанай, Орал, Ақтөбеде 22 000 теңге
  • Қарағандыда 21 000 теңге
  • Семей мен Көкшетауда 20 000 теңге
  • Шымкентте 18 000 теңге
  • Таразда 16 000 теңге
  • Түркістан, Ақтау, Талдықорған және Қызылордада 15 000 теңге
  • Түркістан мен Ақтауда кеңес алу қымбат, ал сотқа қатысып, қорғау арзанға түседі.
  • Ал Талдықорған, Қызылордада ақшаның көп бөлігі сотқа қатысып, қорғауға төленеді.
  • Өскемен мен Павлодарда үш қызмет үшін қорғаушылар 13 000 теңге сұрайды
  • Ал Қазақстан бойынша ең арзаны Атырау қаласында болып шықты. Мұнда қызмет құны – 12 000 теңге.
spot_img

Соңғы жаңалықтар