spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Рамазан айында қалай тамақтанған дұрыс: мамандар кеңесі

Сізге қызық болар

Gaukhar Aibulatovna
Gaukhar Aibulatovna
Заң ғылымдарының докторы. 2011 жылы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетін бітірген, 2014 жылы Ланьчжоу университетінде магистр дәрежесін алған, ал 2017 жылы Шанхай халықаралық зерттеулер университетінде PhD дәрежесін алған. Еңбек жолын 2017 жылы Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығында саяси бөлімнің хатшысы болып бастады. Жылдар бойы жеке компанияларда аудармашы болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта аударма, редакциялау, жобалар мен кәсіпкерлік бағытта жұмыс істейді. Машығы: мақалалар жазу; қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мәтіндерді аудару. Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және веб-сайттар жасау. Кез келген салада күрделі мәтіндерді аударып, кез келген тақырыпта материал жаза алады.

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қасиетті Рамазан айында дұрыс тамақтануға қатысты ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды SaqTimes басылымы.

Департамент барша қазақстандықты жарқын Рамазан мейрамымен құттықтап, денсаулыққа қатысты қауіп-қатерді азайтуға көмектесетін мынадай ережелерді ұстануға шақырды:

  • Егде жастағы адамдарға, созылмалы ауруларлармен ауыратын адамдарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, балаларға оразадан бас тартқан абзал.
  • Ораза ұстауға бел бусаңыз, денсаулыққа қатысты мына ережелерді ұстануды ұмытпаңыз: артық физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз, дұрыс тамақтаныңыз, темекі шекпеңіз.
  • Ораза кезiнде қоректi заттардың, тұздар мен судың жеткiлiктi мөлшерi бар теңдестiрiлген диета маңызды, тамақ қарапайым болуы керек әрі күнделiктi тамақтан қатты айырмашылығы болмауға тиiс.
  • Рамазан күндері ағзаны әлсіретпеу үшін барлық қажетті қоректік затты (ақуыздар, майлар, көмірсулар, витаминдер, микро- және макроэлементтер) алу маңызды. Бұл ретте тағамда жеміс-жидек, нан мен дәнді дақылдар, сүт пен сүт өнімдері, балық пен ет сияқты өнімдер болуға тиіс. Барлық өнім балғын болуы керек.
  • Майлы және қуырылған тағамдардан бас тартқан дұрыс. Тамақ дайындау барысында майды майлы балықпен, зәйтүн майымен, ірімшікпен және тұздалмаған жаңғақпен алмастырыңыз.
  • Құрамында қант пен май көп болатын кондитерлік өнімдерді қолданбаңыз, оларды табиғи тәттілермен — құрғақ жемістермен, пастиламен, балмен алмастырыңыз.
  • Ауызашарды құрма немесе судан бастаңыз, негізгі тамақты сорпадан, салаттан бастауды ұсынамыз. Күні бойғы аштықтан кейін жеңіл сіңетін тамаққа назар аудару қажет.
  • Ауызашар мен сәресі арасында денедегі сұйықтықтың қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін мүмкіндігінше жеткілікті су ішуге кеңес береміз!
  • Таңертең сәресіні өткізіп алмауға тырысыңыз, өйткені бұл күні бойы қандағы қант балансын сақтау үшін өте маңызды. Құрамында ұзақ сағаттар бойы энергияны баяу тарататын (дәнді дақылдар: арпа, бидай, сұлы, бұршақ және т.б.) күрделі көмірсутектері бар өнімдерді, баяу сіңірілетін клетчаткаға бай өнімдерді (кебек, астық дақылдары, жасыл бұршақ және т.б.), сондай-ақ ақуызға бай өнімдерді таңдауды ұсынамыз.
spot_img

Соңғы жаңалықтар