spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

«22 наурыз 20:30-да жарықты сөндіріңіз»: Қазақстан Экология министрлігі көпшілікке үндеу жасады

Сізге қызық болар

Gaukhar Aibulatovna
Gaukhar Aibulatovna
Заң ғылымдарының докторы. 2011 жылы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетін бітірген, 2014 жылы Ланьчжоу университетінде магистр дәрежесін алған, ал 2017 жылы Шанхай халықаралық зерттеулер университетінде PhD дәрежесін алған. Еңбек жолын 2017 жылы Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығында саяси бөлімнің хатшысы болып бастады. Жылдар бойы жеке компанияларда аудармашы болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта аударма, редакциялау, жобалар мен кәсіпкерлік бағытта жұмыс істейді. Машығы: мақалалар жазу; қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мәтіндерді аудару. Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және веб-сайттар жасау. Кез келген салада күрделі мәтіндерді аударып, кез келген тақырыпта материал жаза алады.

Қазақстан Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми Telegram арнасында ел тұрғындарын 22 наурызда жарықты бір сағатқа өшіруді сұрап, көпшілікке үндей жасады, деп хабарлайды SaqTimes басылымы.

«22 наурыз сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша «Жер сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтеді!

Бұл — климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудартуға бағытталған әлемдік бастама. Осы бір сағатта миллиондаған адам жарықты және электр құрылғыларын өшіріп, табиғатқа жанашырлығын білдіреді.

Сіздерді «Жер сағаты» акциясына қатысуға шақырамыз!
Үйіңіздегі жарықты сөндіріңіз, жақындарыңызбен бөлісіңіз — себебі табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады.

Ұйымдар мен кәсіпорындарға да осы бастамаға қосылып, сағат 20:30 бен 21:30 аралығында ғимараттардың сыртқы жарықтандыруын (архитектуралық, декоративтік жарық) сөндіру ұсынылады», — делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарламасында.

spot_img

Соңғы жаңалықтар