2026 жылғы 18 қыркүйек — Қазақстанда халықаралық Social Impact Award (SIA) бағдарламасы аясындағы байқаудың финалы өтті. Əлеуметтік мəселелерді шешуге бағытталған идеялары бар 15 команда өз жобаларын сарапшылар қазыларына таныстырды, деп хабарлады SIA Kazakhstan.

Питчинг нəтижесінде төрт жеңімпаз команда жалпы сомасы 3 000 000 теңге болатын жүлде қорын бөлісіп, өз жобаларын Черногорияда өтетін SIA жаһандық саммитінде таныстыру мүмкіндігіне ие болды.
Бағдарлама туралы ақпарат
Social Impact Award — жастарға əлеуметтік кəсіпкерлік саласындағы жобаларын дамытуға жəне қоғамдағы өзекті мəселелерді шешуге бағытталған инновациялық шешімдер жасауға көмектесетін халықаралық бағдарлама. Қазақстанда бағдарлама NU
Impact Foundation жəне NU Alumni қолдауымен жүзеге асырылады.
Үш ай бойы қатысушылар қарқынды білім беру бағдарламасы аясында менторлар мен салалық сарапшылармен жұмыс істеді. Олар гипотезаларын іздеп, тексерді, мақсатты аудиториясын анықтады, тұрақты бизнес-модель қалыптастырды жəне жобаларын көпшілік алдында қорғауға дайындалды.
Бағдарлама Nazarbayev University қауымдастығын біріктірді: қатысушылар Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналса, менторлар мен сарапшылар ретінде еліміздің жетекші университетінің түлектері қатысты.
«Біз, Назарбаев Университетінің түлектері, өз қауымдастығымыздың экожүйесімен шектелмей, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі талантты жастарды қолдауды шештік. Оларға өз идеяларын нақты жобаларға айналдыруға көмектесетін білімге, тəжірибеге жəне қолдауға қолжетімділік бергіміз келді. Түлектердің осы мақсат жолында бірігіп,
өз уақыттары мен күш-жігерін жаңа буынның дамуына бағыттап жатқанын көру қуантады», — деп атап өтті SIA Kazakhstan ұйымдастырушысы Айгерім Джаналинова.

Байқау қорытындысы
Жобалардың таныстырылымы нəтижесінде кəсіпкерлік, технология жəне əлеуметтік сала өкілдерінен құралған 9 адамнан тұратын сарапшылар қазылары төрт жеңімпаз жобаны таңдады:
- Banana Patch — банан қабығы негізінде жасалған, қан кетуді жылдам тоқтатуға арналған қолжетімді құрал. Авторлары: Абай Оразбек, 16 жаста, Сейитали Алтын, 16 жаста, Алматы қаласы.
- EndoSim — болашақ дəрігер-эндоскопистерге арналған симулятор əзірлеу жобасы. Авторлары: Карина Бауыржан, 18 жаста, Жасмина Тургунбаева, 17 жаста, Түркістан қаласы.
- OnAITynys — демікпесі бар адамдардың тыныс алуын, тамыр соғуын жəне қандағы оттегі деңгейін (сатурация) бақылауға арналған құрылғы мен цифрлық платформа. Авторлары: Юссуф Мухамбеткалиев, 17 жаста, Хусейн Малик, 17 жаста, Көкшетау қаласы.
- SnP — квадриплегиясы бар адамдарға қолдарын пайдаланбай, дем алу жəне дем шығару арқылы компьютерді басқаруға мүмкіндік беретін қолжетімді sip-and-puff ассистивті құрылғысы. Авторлары: Асылбек Айтбаев, 19 жаста, Аймедет Тауфик, 24 жаста, Рамазан Жылқайдаров, 23 жаста, Ерасыл Сегизбаев, 24 жаста, Астана қаласы.
Командалар жалпы сомасы 3 000 000 теңге болатын жүлде қорын бөлісті жəне өз жобаларын Черногорияда өтетін SIA жаһандық саммитінде таныстыру мүмкіндігіне ие болды.



