7 сәуірде Ұлы Отан соғысының қатысушысы Татьяна Алексеенко дүниеден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Татьяна Ерофеевна 1923 жылдың 23 желтоқсанында Беларусь Республикасының Витебск облысының Уно ауылында дүниеге келген.
Соғыс жылдары Татьянаның 18 жасымен тұспа тұс келді, батыр қыз ерікті түрде партизан отрядына қосылып, медбике ретінде майданға аттанды. Онда жауынгерлердің өмірін құтқарып, ерлік пен отанға адалдығын көрсетті. Партизанмен бірге Кенигсбергке дейін жетіп, жеңісті сол жерде қарсы алды, кейінірек Шығыста, үшінші Белорусь фронты құрамында қызметін жалғастырды. Соғыс әрекеттері ол Иркутск қаласында болған кезде аяқталды.
Соғыстан кейін Киргизияда (қазіргі Қырғызстан) өмір сүрді, кейіннен Қазақстанға көшіп келіп, осында екі ұлын тәрбиеледі. Өкінішке қарай, екі ұлы да өмірден озды. Әжейдің екі немересі мен бес шөбересі және бес шөпшегі қалды.