spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Астанада Қайрат Нұртастың концертіне арнайы шаттл-маршруттар қатынайды

ВОЗМОЖНО ВАС ЗАИНТЕРЕСУЕТ

«Астана Арена» стадионында 27 қыркүйек күні сағат 19:00-де танымал әнші Қайрат Нұртастың концерті өтеді. Көрерменге қолайлы жағдай жасау және көлік кептелісін азайту үшін бұл күні арнайы шаттл-маршруттар қатынайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған saqtimes.kz.

Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап жүреді. Олар жолаушыларды қаланың төрт жерінен «Астана Арена» стадионына жеткізіп, концерт аяқталғаннан кейін кері бағытта да тасымалдайды.

Арнайы көліктердің жүру бағыттары:

  • Астана циркінің автотұрағы;
  • «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
  • Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы;
  • «Нұр-Сұлтан» мешітінің (Бас мешіт) автотұрағы.

Шаттл-автобустар екі бағытта да — концерт басталғанға дейін және іс-шара аяқталғаннан кейін қатынайды.

Қосымша шаттл-маршруттардың іске қосылуы стадион маңындағы көлік кептелісін азайтып, көрерменнің концертке барып-қайтуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ концерт өтетін орынға «Тарлан Астана» жеңіл рельсті көлігі арқылы жетуге болады.

spot_img

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ