spot_imgspot_imgspot_imgspot_img
Редакция саясаты

1. Редакция саясаты оқырман алдындағы жауапкершілікті басшылыққа отырып жасалған. Редакция саясатының негізі – қоғам мүддесіне сай қызмет ету. Редакция саясаты қоғамымыздың әр мүшесінің пікірін құрметтеуге және пікірлердің, фактілердің, ақпарат пен оны бағалаудың, оқиғалар мен процестердің барлық түрін бүкіл қоғам үшін барынша түсінікті және қолжетімді форматта ұсынуға негізделген.

2. Ақпаратты іздеу, алу және тарату кезінде редакция БАҚ туралы заңды негізге ала отырып жұмыс істейді.

3. Редакция журналистердің жұмысы кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда оларды негізсіз айыптау мен қудалаудан қорғайды.

4. Ақпарат беретін тұлға қорғалуға тиіс. Құпия ақпаратты берген адамның жеке басы оның рұқсатынсыз жарияланбайды не соттың шешімі бойынша ғана көрсетіледі. Бұл сонымен қатар бүркеншік ат немесе лақап ат қолданатын журналистің жеке басына да қатысты.

5. Редакция әрдайым бейтараптылық қағидасын ұстанады және әр материалда барлық тараптың көзқарасы, ойы, пікірі болуын қадағалайды.