spot_imgspot_imgspot_imgspot_img

Алатау қаласы мәслихатының депутаттары республикалық референдумда дауыс берді

Сізге қызық болар

15 наурыз күні Алатау қаласы мәслихатының депутаттары республикалық референдумда дауыс берді. Халық қалаулылары Жетіген шағынауданында орналасқан №4 орта мектеп базасындағы №379 референдум учаскесінде ұстанымын білдірді.

Таңғы сағаттардан бастап учаскеде ұйымдасқан әрі тыныш атмосфера қалыптасты. Депутаттар топпен келіп, учаскелік комиссия мүшелері мен бақылаушылармен амандасты. Одан кейін тіркеуден өтіп, бюллетеньдерін алды. Әрқайсысы өз таңдауларын жасап, толтырылған бюллетеньдерді дауыс беру жәшігіне салды.

Іс-шараға Алатау қаласы мәслихатының төрайымы Роза Абилова, мәслихат депутаттары, референдум комиссиясының мүшелері мен бақылаушылар қатысты.

«Референдумға қатысу — әр азаматтың мемлекет дамуына өз үлесін қосуына берілетін мүмкіндік», — деді мәслихат төрайымы.

Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін депутаттар бірге естелік суретке түсіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. БАҚ өкілдері дауыс беру процесін фото және видеоға түсіріп, қатысушылардан сұхбат алу мүмкіндігіне ие болды.

Алатау қаласы депутаты
Алатау қаласы депутаты

Айта кетейік, республикалық референдум — халықтың ерік-жігерін тікелей білдірудің маңызды нысандарының бірі болып табылады. Ол азаматтарға мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауға тікелей қатысуға мүмкіндік береді.

Алатау қаласы мәслихат депутаттары
Алатау қаласы мәслихат депутаттары
spot_img

Соңғы жаңалықтар