spot_img

Қазақ халқында кеңінен таралған тыйым сөздерді білесіз бе

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚ БОЛУЫ МҮМКІН

Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі — тыйым сөздер. Бұл сөздер ескі кірген балабаларға жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Оқырман назарына Сейіт Кенжеахметұлының «Жеті қазына» кітабында жинақталған тыйым сөздерді ұсынамыз.

  • Дастарханды, тамақты баспа.
  • Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
  • Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
  • Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
  • Үй айнала жүгірме.
  • Босағаны керме, құшақтама.
  • Табалдырықты баспа, отырма.
  • Үйді сабама, малда басқа сабама.
  • Бейіт тұсынан шауып өтпе, жүгіріп өтпе.
  • Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма.
  • Итке ожаумен ас құйма.
  • Түнде үй сыпырма, түнде тырнағыңды алма.
  • Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
  • Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.
  • Шашыңд жайма.
  • Бетіңді баспа.
  • Тізеңді құшақтама.
  • Өтірік жылама.
  • Жұлдызды, адамды санама.
  • Сыпырғышты тік қойма.
  • Қолыңды қусырма.
  • Аққуды атпа.
  • Адамға пышақ, мылтық кезенбе.
  • Бос бесікті тербетпе.
  • Құранды, тамақты баспа.
  • Жақын адамға пышақ сыйлама.
  • Тұзды, күлді баспа.
  • Отты, күлді шашпа.
  • Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме.
  • Бейуақытта жылама,ұйықтама.
  • Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.
  • Бөркіңді теріс киме.
  • Шапанды желбегей жамылма.
  • Үйде ысқырма.
  • Үйге жүгіріп кірме.
  • Ауылға атпен шауып келме.
  • Мойныңа белбеу жіп салма.
  • Айды қолыңмен көрсетпе.
  • Құдыққа түкірме, ыдысқа түкірме, жоғары қарай түкірме.

(Жалғасы бар).

Дереккөз: Сейіт Кенжеахметұлы. «Жеті қазына» (1-кітап).

spot_img

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР