spot_img

Ресейде пәтерінің сыртқы есігі дұрыс ашылмайтын адамдар айыппұл төлейтін болды

СІЗГЕ ҚЫЗЫҚ БОЛУЫ МҮМКІН

Ресейлік «РБК» телеарнасының хабарлауынша, Ресей билігі «есікті дұрыс емес, бұрыс орнатқандарға» айыппұл енгізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Ресейде көпқабатты тұрғын үйлерде пәтердің сыртқы есігін бұрыс орнатқаны үшін айыппұл салынады. Мұндай баспана иелеріне 15 мың рубль (шамамен 82,5 мың теңге) айыппұл енгізілді. Атап айтқанда, егер пәтеріне кіргізетін сыртқы есігі дұрыс емес жаққа қарай ашылатын болса, онда баспана иелері жазаланады. 2025 жылғы ақпаннан бастап, бұл айыппұлдың көлемі 15 мың рубль болады», – деп жазады басылым.

«Аргументы и факты» газетіне сұхбат берген тұрғын үй құқығы және ТКШ реформаларының проблемалары жөніндегі сарапшы Виктор Федорук үй қожайынының есігі «қисық» ашылатынын байқаса, оның үстінен көршілері шағым түсіре алатынын нұсқады.

Сондай-ақ учаскелік уәкілеттілер (участковые уполномоченные, бізше – учаскелік инспекторлар) үй-үйді аралау барысында да есігі сыртқа қарай ашылатын пәтерлерді әшкерелей алады.

«Баспана иелері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тиіс. Пәтерлерде тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға болмайды. Балкондарды көң-қоқырға толтыруға жол берілмейді. Сондай-ақ сыртқы есіктер үйдің ішіне қарай ашылуға тиісті. Олай болмаса, өрт шыға қалғанда барлық есіктер сыртқа қарай ашылса, онсыз да тар дәліздерді жауып, көршілердің эвакуациялануына кедергі келтіруі мүмкін», – деді сарапшы.

Қылмысқа қатысы болуы мүмкін күдіктілерді ұстау кезінде күштік құрылымдар баспананың есігін теуіп немесе «таранмен» ұрып ашатыны белгілі. Егер есік ішке емес, сыртқа ашылса, оны мұндай тәсілмен ашу мүмкін болмай қалады екен.

Материал авторы: Жанат Ардақ

spot_img

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР